• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаза тапқан боздақтарды еске алды

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының жеке құрамымен және курсанттарымен кездесіп, террористік және қылмыстық әрекеттер кезінде әскери және қызметтік борышын атқару үстінде қаза тапқан боздақтарды еске алды.

Елде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай, академияның жеке құрамы мен курсанттары сапқа тұрғызылды. Олардың алдында облыс әкімі Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, елде орын алған күрделі кезеңде ерлікпен қаза тапқан сарбаздар мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтты.

–Құрметті академия курсанттары мен қызметкерлері! Қаңтар айының осы күндері барша қазақстандықтар үшін үлкен сынақ болып отыр. Біз бейбіт елімізде жаппай шабуылдың, кісі өлімі, тонау мен зорлық-зомбылықтың куәсі болдық. Әлеуметтік нысандар қиратылып, шағын және орта бизнес зардап шегуде. Ең өкініштісі – кінәсіз жандар, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының, ұлттық ұланның қызметкерлері мен сарбаздары қайтыс болды, – дей келе, аймақ басшысы тәртіпсіздіктер басталған алғашқы күнінен-ақ елде Төтенше жағдай жарияланып, құқық қорғау органдарымен қатар өңірде тәртіп орнату үшін азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары да сапқа тұрғызылғанын айтып өтті. Бұдан соң елде орын алған лаңкестік актілері кезінде қаза тапқан әскерилер мен құқық қорғау органдарының азаматтары еске алынып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Құқық қорғау органдары мен қорғаныс күштерінің бірлескен жұмысының арқасында біздің өңірде жағдай тұрақты.

Бұл күні облыс әкімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ұлттық акционерлік қоғамының Көкшетау қаласындағы бірыңғай контакт орталығында болды. Екі қабатты орталық Қазақстан бойынша 1414 нөміріне келіп түсетін барлық қоңырауларды қабылдап, мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша азаматтарға консультациялық кеңес береді. Мұнда операторлардың жұмысына арналған 5 кабинет, демалу бөлмесі және психолог кабинеті бар. Бүгінде орталықта 50 оператор мен 5 видеоассистент, 1 психолог маман қызмет көрсетуде. Елдегі күрделі жағдайға байланысты соңғы күндері мұнда келіп түсетін қоңыраулар саны көбейген. Әсіресе, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе қалаларынан із-түзсіз жоғалғандарды іздеу бойынша сұраулар көптеп түсуде. Бұл ретте, орталық құқық қорғау органдарымен және денсаулық сақтау саласымен тығыз байланыс орнатып, өтініш білдіргендерге жауап беру жолында бірлескен жұмыс жүргізіп, қызмет көрсетуде.

Бір оператор күніне 100-120 қоңыраудан қабылдайды. Өткен жылы ашылған орталыққа 9 айда 584,3 мың қоңырау түсіпті. Жаңа жылдан бері тағы 20 оператор алу көзделген.
–Мұндай орталықта жұмыс істеп жатқан жастардың көбінің бала-шағасы бар отбасылы қыз-келіншектер. Мұнда олар неше түрлі адамдармен сөйлесіп, сан алуан сұраққа жауап береді. Соңғы күндері елдегі лаңкестік салдарынан орын алған қиындықтарға байланысты із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, басқа да өте ауыр сұрақтар бойынша қоңыраулар түсуде.

Операторлардың оларға абдырап, не айтарын білмей, қиналып қалатын кездері болады. Сол кезде олармен жұмыс істейміз. Жас аналарымыз орталықтағы бір күндік ауыр жұмыстарының салдарынан үйлерінде бала-шағасымен керісіп қалмауы үшін де психолог маманға жүгінеді, – деп атап өтті орталық психологы.
Облыс әкімі орталықтың кабинеттерін аралап көрген соң, орталықтың басшылығына мұндағы мамандарға барлық жағдайды жасауға, қазіргі уақытта олармен психологиялық тұрғыдан болсын, ерік-жігерлендіру тарапынан болсын қолдау көрсетуді тапсырды.

  • 11.01.2022
  • 208
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика