• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Президенттің берген тапсырмасын неғұрлым сапалы орындасақ, соғұрлым тұрақты жағдайға тез ораламыз

Бүгін, 9 қаңтарда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының аумағындағы блок-бекеттерді аралап көрді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында аймаққа 8 блок-бекет қойылды. Атап айтсақ, 

1. Ақтау қаласы - Құрық кенті автожолы, "Демалыс базасы" қиылысы;
2. Ақтау қаласы-Жетібай кенті автожолы , "Нұржан" кафесі;
3. Баянды-Емір автожолы;
4. Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43 шақырымы;
5. "Ивушка" демалыс базасының қиылысы;

Жаңаөзен қаласы бойынша - 3 блок-бекет

6. Жаңаөзен қаласы-Жетібай кенті автожолы, Қарамандыбас қиылысы, 35-ші шақырымында;
7. Жаңаөзен қаласы - Қызылсай кенті автожолының 3-ші шақырымында;
8. Жаңаөзен қаласы-Құланды кенті  автожолының 5-ші шақырымында.
Арнайы жасақ сарбаздары өңірге келе жатқан әр бір көлікті тоқтатып, азаматтар мен көліктерді жіті тексеруде. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген. 

Әскери қызметшілер азаматтар мен көліктерді мұқият қарап, тексеру жүргізеді. Бүгінде ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. 

Аймақ басшысы блок-бекеттерді қарап шығып, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін осындай шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдайдың талаптарына сәйкес осы типтес блок-бекеттер қойып, жүруді шектеп, азаматтардың өміріне, денсаулығына қауіп төнбейтіндей жағдайды қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылды. 

 Осы орайда тұрғындардан бірінші кезекте сабырлық танытып, түсіністік білдіргендері үшін рахмет айтамын және қазіргі таңда төтенше жағдайдың талаптарын қатаң сақтауды сұраймын. Бұл уақытша кезең. Біз неғұрлым ұйымдасқан түрде, түсіністік танытып Президенттің берген пәрменін сапалы орындасақ, соғұрлым тұрақты жағдайға келеміз.
Егер қандайда бір келеңсіз жағдайды, құқық бұзушылықты байқап қалсаңыз полиция қызметкерлеріне, әкімдік қызметкерлеріне хабар беруіңіз сұралады- деді Нұрлан Ноғаев.

  • 11.01.2022
  • 165
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика