- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
«АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» басшылығымен және облыс өндірушілерімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша кезекті ай сайынғы кеңестер өткіздік
2021 жылдың қорытындысы бойынша «АМТ» АҚ сатып алуларындағы қазақстандық тауарлардың үлесі 72,2% немесе 295,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, жалпы шикізаттық емес тауарлар бойынша сатып алудың жалпы сомасы 145,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, қарағандылық өндірушілерден сатып алу 34,2 млрд теңгені құрады.
Жергілікті қамту үлесін арттыру үшін меморандумға қол қойылды, оған 44 тауар өндіруші енгізілді. Биыл олардың тізімі ұлғайтылып, көлемі артатын болады
Қазір жүйе құраушы кәсіпорын 2022 жылға арналған сатып алу жоспарларын қалыптастыруда. Олар 1 ақпанға дейін «Қазақстандық қамту» интернет-порталында орналастырылады.
«Қазақмыс» Корпорациясы бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде. Сатып алулардағы қазақстандық қамту 96,3 млрд теңгені немесе 49,7% -ды құрады. Оның ішінде қарағандылық өндірушілерде 64,7% өсіммен 17,3 млрд теңгені құрады.
Ағымдағы жылы шикізаттық емес тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесін 25 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, аталған өңірлердің кәсіпорындарын қолдау үшін Жезқазған өңірі мен Балқаш қаласының кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қауымдастығымен бірлесіп жұмыс жүргіземіз.
Соңғы екі жылда жүйе құраушы алыптар отандық бизнеске қатысты ашық бола түскені қуантады. Өзге де «баға-сапа» тең жағдайларда қарағандылық компаниялар жергілікті өндірушілердің тапсырыстарын барынша жүктеуі тиіс деп сенемін.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.
- 14.01.2022
- 180