- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Қоғамдық кеңестер: мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог
Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысандарының бірі қоғамдық кеңестер болып табылады. Бұл мемлекеттік емес институттар мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыруға бағытталған консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар болып табылады.
Қазіргі уақытта елімізде жергілікті және республикалық деңгейлерде 251 Қоғамдық кеңес қызметін жүзеге асырады.
Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер қазіргі уақытта халықтың ең өзекті мәселелерін анықтау және шешу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қоғамдық кеңестер қызметінің практикасын шоғырландыру мақсатында, сондай-ақ шешімді талап ететін мәселелер бойынша кері байланыс алу үшін https://kazkenes.kz/порталы жұмыс істейді.
Осыған байланысты, Азаматтардың, тиісті Қоғамдық кеңеске немесе Қоғамдық кеңестің нақты мүшесіне қоғамдық кеңестердің қызметі туралы https://kazkenes.kz/ru/questions/write_appeal/ сілтемесі арқылы бірыңғай порталында өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстармен және ұсынымдармен жүгіну мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз
- 18.01.2022
- 244