• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: азық-түлік тұтынушыға жеткенге дейінгі тізбектің барлығы бақылануы тиіс

Бүгін, 18 қаңтарда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында тамақ өнімдерінің бағасын өсірмеу және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін биылғы жылы атқарылатын шараларға тоқталды. Біріншіден, азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне орай әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін қалалар мен аудандар әкімдерінің инфляциялық процестерге жауапкершілігін күшейту; Сонымен қатар, қалалар мен аудандар әкімдері қоғамдық пікір көшбасшыларын, қоғамдық бірлестіктерді, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, халықтық бақылау штабтарын құру; Екіншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бөлшек және көтерме сауда ұйымдарымен меморандумға отыру; Үшіншіден, азық-түлік бағасының өсуіне жедел әрекет ету үшін Сall-орталықтарын құру; Төртіншіден, жаңа бастамалардың, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы инвестициялық жобалардың жоспары жасалып, оны орындау; Бесіншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша сауда нүктелерін ұлғайту. Бұдан басқа, облысты дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, онда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аталған жүйені іске асыру үшін қала, аудан, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. - Аудан, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін арттыру керек. Егер бұрын азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне байланысты мониторингпен кәсіпкерлік басқармасы ғана айналысатын болса, енді бұл іспен барлық әкімдер тікелей айналысатын болады. Яғни, тауардың облысқа келгеннен бастап, тұтынушыға жеткенге дейінгі тізбектің барлығында бақылау жүргізу керек. Шекбі баға ұғымын тиімді пайдалану керек,- деді Нұрлан Ноғаев. Сондай-ақ, жиында энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қартбаев Бердібек Каспий су тұщыту зауытын жаңғырту жобасын іске асыру барысы бойынша ақпарат берді. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ақтау қаласында «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттын екі есеге арттырып, тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі басталған болатын. Басқарма басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары кешіктіріліп жүргізілуде. Өңір басшысы халық үшін аса қажетті жобаны іске асырудың баяу жүріп жатқанын сынға алды. Нұрлан Ноғаев барлық деңгейдегі әкімдердің елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыруға жеке жауапкершілігін белгілеуді тапсырды. Аппараттық жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 18.01.2022
  • 185
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика