• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облысымыздың денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатырмыз

Қарағандыда қаңтар айының соңына дейін Облыстық клиникалық аурухананың перзентханасын қайта құру аяқталады. Онда жедел гинекологияның амбулаториялық орталығы орналасады.

Ал Жезқазғанда наурыз айының соңында көпбейінді аурухананың жанынан перзентхана бөлімшесі ашылады. Сондай-ақ, қалада екі қабатты ғимаратты жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда Облыстық онкодиспансердің филиалы орналасады.

МЖӘ бойынша қадамдық қолжетімділікте Қарағандыда ақпан айында Узенка кентінде, мамыр айында Құрылысшылар даңғылында, маусым айында Теміртаудағы Металлургтер даңғылында, наурыз айында Момышұлы даңғылында, желтоқсан айында Балқаш қаласында барлығы бес емхананы ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 2 млрд-тан астам жеке инвестиция тартылады.

Шілде айында Облыстық балалар ауруханасының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Онкологиялық диспансерді жаңғыртуды жалғастырудамыз, оның аумағында қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын ауданы 4,5 мың м² операциялық-реанимациялық блок салынып жатыр. Сондай-ақ, МЖӘ аясында онкодиспансерде позитрондық-эмиссиялық томография бөлімшесі ашылып, сәулелік терапия кезінде қолданылатын жаңа желілік үдеткіш орнатылады.

Ал № 1 қалалық ауруханада жаңа заманауи қабылдау бөлімі ашылады.

Ауылдарда да медицина саласына көңіл бөлінуде. 2022 жылдың қыркүйегінде Абай ауданының Юбилейное, Шет ауданының Төменгі Қайрақты, Бидайық ауылдарында және Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде төрт фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылады.

МЖӘ аясында Қарағанды мен Жезқазғанда сәулелі диагностиканың екі орталығын, сондай – ақ Мақажанов клиникасында нефрологиялық орталықты ашу жоспарлануда.

Өткен жылы аймағымыздың жас дәрігерлеріне 199 пәтер берілді. Алдағы уақытта Жезқазған қаласында 28 пәтерлік үйді салу және облыстық балалар ауруханасының бұрынғы стационарының ғимаратын қайта жаңарту арқылы 100 пәтерді пайдалануға беру бойынша жобаларды іске асыру көзделуде.

Жалпы, өткен жылы облысқа 400 дәрігер, оның ішінде резидентураны бітіргеннен кейін 189 маман келді. Алдымызға қойылған міндеттердің сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

  • 19.01.2022
  • 244
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика