• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысын дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары 226 іс-шараны қамтиды — Н. Ноғаев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды. Маңғыстау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрлан Ноғаев айтып берді. «Бүгінгі таңда бар шараларды тезірек іске асыру және атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы Кешенді жоспар өзектендірілді. Өзектендірілген Кешенді жоспар 226 іс-шараны қамтиды, оның ішінде экономиканы дамыту аясында 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде шамамен 55 мың жұмыс орны құрылады деп күтіледі», — деді Н. Ноғаев. Кешенді жоспар аясында келесі негізгі бағыттарға ерекше басымдық беріліп отыр. Біріншіден, демографияның өсу үрдісі қолжетімді баспанамен қамту және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мақсатта тұрғын үй салу, жолдардың сапасын жақсарту, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар өңір үшін ең маңызды мәселе – ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін кешенді жоспарда жалпы су тұщыту қуаты 260 мың текше метрді құрайтын 9 жоба және 12 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамту жүзеге асырылатын болады. Кешенді жоспарды өзектендіру аясында осы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуде өнімділігі тәулігіне 24 мың текше метр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталады. Бұған қоса, 5 жаңа шағын ауданды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға, қалалық жолдар сапасын арттыру аясында қосымша 8,5 км жолды салуға мүмкіндік болады. Екінші, маңызды бағыт – өңірдің әлеуметтік құрамдас бөлігі. Бұл бағыт аясында жоспарда қажетті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың тапшылығын шешу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды. Бұл бағытта 2022 жылы лизинг арқылы 5 реанимобиль сатып алынады және 2023-2024 жылдары 5 денсаулық сақтау ұйымы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылатын болады. Қаржыландыруға келер болсақ, Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 62% жеке инвестиция үлесіне тиесілі. Бұл ретте бюджеттік қаражаттың көлемі 493 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 375 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге. @primeminister.kz

  • 25.01.2022
  • 196
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика