• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Мұнай күндердің күнінде таусылады. Біз балаларымыздың өзге салаларда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз қажет

28 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласының бір топ белсенді азаматымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Тұрғындар қаладағы ауыз су, жұмыссыздық, азық-түлік бағасы және т.б. әлеуметтік мәселелерді шешуді сұрады. Жиын барысында облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2025 жылға дейінгі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіткенін атап өтті. - Бес жылға жоспарланған жоба аясында облысқа 2,1 трлн теңге тартылады. Кешенді жоспар аясында инженерлік желілер, инфрақұрылым, ауыз су өндіретін зауыттар, заманауи мектептер мен спорт кешендерін салуға бағытталған барлығы 226 жоба іске асады. Бұл жұмыстар Жаңаөзен қаласын да жүзеге асырылатын болады,- деді Нұрлан Ноғаев. Облыс әкімінің айтуынша Жаңаөзен қаласындағы білім мен денсаулық саласында да тың жобалар іске асырылады деп күтілуде. - Нұр-Сұлтан қаласынан білім саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер тобы келіп, Жаңаөзен қаласындағы 10 мектепті сенімгерлікке аламыз деген ұсыныс жасады. Олар қаражатын өздері құяды, ішіндегі оқу әдістемелік құралдарын жаңадан жасақтап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс тобы сондай-ақ еліміздің үздік оқытушыларының тәжірибелерін алып келіп, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттырмақшы. 10 жыл бойы академялық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізіп, мемлекеттік стандарт бойынша білім мен тәрбие алатындай жағдай жасаймыз деді. Біздің мақсатымыз балаларымызға сапалы білім мен тәрбе беріп, болашақтарына сенім ұялатып, мұнай саласынан басқа да жаңа мамандықтарды бойларына сіңіру. Мұнай ертелі-кеш түгесіледі. Біз балаларымыздың өзге салаларда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сондай-ақ, «Самұрық қызына», «Қазмұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» компанияларының қаражатына тек мұнайшыларға емес, барлық тұрғындарға арналған ең озық үлгідегі медициналық оңалту орталығы (50 орындық) салынып жатыр. Онда әлемнің соңғы үлгідегі медициналық қондырғылары орнатылатын болады. Орталық осы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі,- деді облыс әкімі. Жиын соңында аймақ басшысы айтылған өзекті мәселелер назарға алынып, өңірдің даму жоспарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.

  • 31.01.2022
  • 212
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика