• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМРК-да қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтауын еске салды

2021 жылғы 27 қаңтарда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі, төрағаның орынбасары Асхат Жапсарбайдың төрағалығымен ведомствоның өңірлік департаменттерінің басшылары мен орталық аппарат қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау жөніндегі кезектен тыс кеңес өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамада және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларында жазылған талаптарды мүлтіксіз орындауға байланысты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, ТМРК-ның Әдеп жөніндегі уәкілі Солтүстік Қазақстан облысында болған жағдай бойынша Әдеп жөніндегі тәртіптік комиссияның шешімімен Комитеттің СҚО бойынша департаментінің басшысы Абай Балабековті қызметінен босату ұсынылған мәселе қозғалды.

Айта кететін болсақ, жуырда солтүстік өңірде онда СҚО бойынша ТМРКД-ның басшысы Абай Балбековті қоғамдық орында мас күйінде болуына байланысты, жұмыстан босату түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі өтті.

Аталған факті бойынша Ұлттық экономика министрлігі дискомиссияның ұсынымы шеңберінде  тиісті шешім қабылдайды.

ТМРК басшысының орынбасары мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларының нақты орындалуы туралы тағы да еске салды.

«Осындай жағдай қайталанбауы тиіс. Мемлекеттік қызметші қарапайым маман болсын, басшы болсын өзін дұрыс ұстауы және осындай жағдайларға жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да үлгі болуға тиіс екендігі бірнеше рет айтылған. Атап айтқанда, мемлекеттік орган басшысы әдеп нормаларды бұзудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек»,- атап өтті Асхат Жапсарбай.

Қорытындылай келе Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлері арасында әдеп нормаларын тек жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта да сақтау бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

  • 31.01.2022
  • 241
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика