• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды облысында шахтерлердің талаптары қалай орындалуда

«Абай» шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін келісім комиссиясы қабылдаған талаптарды талқылау үшін «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлерінің бастамашыл тобымен кезекті кездесуді өткіздім.

Шахтер ұжымдарының барлық мәселелері менің жеке бақылауымда.

Бүгінгі таңда компания 12 талаптың көпшілігін орындады. Сондай-ақ персоналдың нормативтік санына, жабдықтың техникалық аудитін ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны жаңартуға қатысты тармақтар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Көлік паркін жаңарту үшін бес жаңа автобус жеткізілді. Алдағы уақытта тағы жеті автобус әкелінеді. 2022-23 жылдары компания 56 заманауи автобусты сатып алуға уәде берді.

Бүгінде кеншілер мен металлургтерге арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама аясында кәсіподақтар 67 адамның тізімін берді. Ал наурыз айының басында бағдарлама іске қосылады деп күтілуде. Облыстық бюджеттен бөлінген бір миллиард теңгеге қоса, «Отбасы банк» тағы 700 млн теңгеден кем емес қаржыны бөледі.

Кездесуде шахтер отбасылары тұратын моноқалалардың дамуы талқыланды.

Шахтинск қаласында бес қабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, онда пәтерлердің бір бөлігін шахтерлердің отбасылары ала алады. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Абай даңғылын жөндеу жұмыстары басталады. Шахтерлердің өтініші бойынша Шахтинск қаласында заманауи хоккей корты салынады.

Ал Саранда Ақтас кентінен басталатын газдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Абай ауданында «Абай» шахтасына апаратын жолды жөндеу жұмыстары аяқталады. Кеншілер өз сөздерінде Вольный кентінде дәріхананың жоқтығын тілге тиек етті. Сондай-ақ «Абай-Вольный-Қызыл» бағыты бойынша автобус рейстерінің санын көбейтуді сұрады. Бұл туралы аудан әкіміне тиісті тапсырманы бердім.

Қолға алынған бұл іс-шаралардың орындалу барысы бақылауда болады. Бір айдан кейін кеншілермен қайтадан кездесеміз.

  • 02.02.2022
  • 251
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика