- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 37-ші отырысы және ОПЕК + 25-ші министрлер кездесуінің қорытындылары
Бүгін, 2 ақпанда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырыста желтоқсан айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі желтоқсанда 122%-ды құрады.
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн. баррельді құрайды.
2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн. баррельді құрайды.
Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.
- 02.02.2022
- 181