- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Садақ атудан Маңғыстау облысының чемпионаты өтті
Жетібай ауылында екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Садақ ату" ұлттық спорт түрінен Маңғыстау облысының чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті. Оның айтуынша 3 ақпан күні Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға өңірдің қала, аудандарынан садақ атуға машықтанған спортшылары командалық емес жеке сипатта сайысқа қатысқан. -Чемпионат 2003-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында бір бөлек, 2011-2014 жылы туылған жеткіншектер арасында бөлек өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды, - деді Дүйсенбай Атағараев. Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
- 07.02.2022
- 171