- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуде
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1089 қаулысына сәйкес Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері аккредиттеу алу үшін Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды, атап айтқанда:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiшті;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынуы тиіс.
Аккредиттеу өткізу мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2022 жылғы 7 ақпаннан бастап 18 ақпанды қоса алған мерзімде сағат 18.30-ға дейін).
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына мекенжай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы, электрондық пошталар: s.alpysova@energo.gov.kz, b.ilimzhanov@energo.gov.kz.
Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-30, 78-69-04.
- 08.02.2022
- 159