• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Еңбек даулары заң шеңберінде ғана шешілуі тиіс

Бүгін, 16 ақпанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында баспасөз конференциясына қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
  
Брифинг барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауларын шешетін ҚР еңбек заңнамасының арнайы алгоритмі бар екенін атап өтті.

- Егер еңбек дауларына қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, азаматтар үшін ҚР еңбек заңнамасы аясында арнайы алгоритм бар екенін түсіну қажет. Сондықтан ереуілдер ұйымдастырып, өз талаптарын көшеге шығып айтудың  қажеті жоқ. Ол үшін келісім комиссиясы, арбитраж және еңбек инспекциясы сияқты заңды құралдар бар, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы еңбек шартын құрған екі тарап өздеріне алған міндеттемелерді сақтауға тиіс екенін айтты.

- Еңбек дауының туындауы заңдылық. Алайда, мұндай мәселелердің алдын алу үшін жұмыс беруші мен жұмысшы  келісім шартты алдын-ала оқып, қол қойып содан кейін шарттың талаптарын орындауға міндетті. Егер азамат қандай да бір жалақыға жұмысқа орналасуға келіссе, ол өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтауы керек. Ал жұмыс беруші жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыларды және шартта көзделген басқа да ақшалай қаражатты уақтылы төлеуге міндетті. Еңбек даулары еңбек инспекциясы, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында шешілуге тиіс. Өкінішке орай, бізде еңбек мәселелерін заңсыз шешуге тырысқан фактілер бар. Жұмысшылар ереуілге шығады. Біз құқықтық мемлекетпіз, сондықтан еңбек қатынастары қолданыстағы заңнама аясында ашық және әділ шешілуі тиіс, - деді облыс әкімі.

Брифинг соңында өңір басшысы аймақ тұрғындарын арандатушылық пен популистік ұрандарға бой алдырмауға шақырып, өңір алдында жүйелі шешімдерді талап ететін бірқатар міндеттің барын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.

- Қазір біліммен, ғылыммен  бәсекелесетін уақыт. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, деп ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы әлдеқашан айтқан. Сондықтан облыс тұрғындарын халық пен ел игілігі үшін сабыр сақтап, әр шешімді ақылмен қабылдауға шақырамын. Біз барлық қиындықты бірге еңсереміз, деді өңір басшысы.

  • 17.02.2022
  • 189
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика