- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімдігінде спорт пен білімді дамыту жайы талқыланды
Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыс әкімдігіндегі барлық салалық басқарма басшыларының есептерін тыңдады.
21 ақпан, дүйсенбі күні облыс әкімі дене шынықтыру және спорт, білім басқармаларының басшыларын қабылдады.
Олар 2021 жыл ішінде атқарылған жұмыстарының нәтижесін, сонымен қатар, осы жылдың алдағы кезеңдеріне арналған жоспарларын баяндады. Еске
салайық, бұдан бұрын облыс әкімдігіндегі өзге басқармалардың басшылары осындай есептерін ұсынған болатын.
Жиын барысында халықты бұқаралық спортқа тарту, кәсіби спортты дамыту, үшауысымдық білім беруді жою және т.б. сұрақтар бойынша жұмыстардың
қорытындысы қаралды.
Жиын соңында облыс әкімі өңірде дене тәрбиесін, спорт пен білімді әрі қарай дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- 21.02.2022
- 157