- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлау жөніндегі конкурс
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383 Қазақстан Республикасының Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭМ) Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығы не сотталмағандығы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерін алмастыру үшін жұмыс тобының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі қалыптастырылады.
ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің құрамы – 21 адамға дейін (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ішінен өкілдер – 16 адамға дейін, ҚР ЭМ өкілдері – 5 адамға дейін), Қоғамдық кеңестің резервтік құрамы – 9 адамға дейін.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2022 жылғы 10 наурызды қоса алған мерзімде сағат 18.30-ға дейін).
Қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі): Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы, электрондық пошталар: s.alpysova@energo.gov.kz, b.ilimzhanov@energo.gov.kz.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-30, 78-69-01, 78-69-04.
- 23.02.2022
- 185