- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Корея Республикасының Елшісі Ку Хонг-Сокпен кездесті
28 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сокпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарлары Ермек Кенжеханұлы мен Бұлбұл Елеусінова, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің консулы Ким Вон Ен, Корея Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының өкілі Джо Джи Хен мен тағы басқалар қатысты. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар мен басқа да сұрақтар кезіндегі екіжақты өзара қарым-қатынасты талқылады.
Облыс әкімі Корея Республикасы мен Ақтөбе облысының серіктестікті дамытуда әлеуеті зор екенін атап өтіп, өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырды.
- 03.03.2022
- 169