• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында Дзюдодан республикалық чемпионат басталды

Бүгін, 2 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дзюдодан жастар арасында республикалық чемпионаттың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Спорттық шараның ашылу салтанатына 
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев қатысты. 
Ақтауда наурыз айының 2-5 күндері  аралығында дзюдодан 2002-2004 ж. туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл бәсеке Азия және Әлем чемпионатына қатысу үшін іріктеу жарысы. Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысынан және Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан қалаларынан 450-ден астам татами шеберлері қатысады. Жарысқа Маңғыстау облысынан 18 ұл, 7 қыз барлығы 25 спортшы қатысуда.

Салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

- Маңғыстауда жас спортшылардың республикалық жарысының өтуі біз үшін үлкен абырой және үлкен жауапкершілік. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортқа әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президент өзінің әрбір Жолдауында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға нақты міндеттер қояды. Өйткені біздің жас спортшыларымыз-болашақ чемпиондар және еліміздің мақтанышы. Мемлекетіміздің туын биікке көтеретін жастарымыз көп болсын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Бүгінгі жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында -60  келі салмақ дәрежесінде 
1-ші орынды Ақтөбе облысынан Рахметқали Жанарыс, 
2-ші орынды Маңғыстау облысынан Жұбатқан Нұрсұлтан,
3- орынды Қостанай облысынан Алжан Нұрәділ жеңіп алды.

Ал, қыздар арасында -48 келі салмақта
1-ші орын Қарағанды облысынан
Сарсенбек Нұрайымға, 
2-ші орын Қызылорда облысынан
Асқарова Жанеркеге,
3-ші орын Атырау облысынан
Дүйсенбай Аянаға Бұйырды.

2 наурызда бастау алған республикалық чемпионат 5 наурыз күні қорытындыланады.

  • 03.03.2022
  • 223
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика