- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
ТМРК қызметкерлері кезекті қоғамдық қабылдау өткізді
1 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті.
Осындай қабылдаулар бүкіл Қазақстан бойынша онлайн режимінде өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері дәстүр бойынша Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер нарығындағы тариф белгілеу бөлігіндегі тапсырмаларын орындау аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Жылу, газ, су, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдар сияқты салалар қозғалды.
Салалық басқармалардың басшылары тағы да еліміздің бірқатар өңірлерінде жылу, газ, кірме жолдарды ұсыну қызметтерінің төмендетілген тарифтері туралы хабарлады, сондай-ақ тұтынушыларға жылуды қалай үнемдеу керектігі туралы ұсынымдар айтылды.
Қорытындылай келе, ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев тұтынушылардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
- 04.03.2022
- 173