• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында “АMANAT” партиясының активі өтті

Бүгін, 4 наурызда “АMANAT” партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XXII съезінің шешімдерін орындау жөніндегі Маңғыстау облысы активінің жиыны өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Партиялық активтің жиынына саяси кеңестердің, барлық деңгейдегі мәслихаттың депутаттық фракциялардың, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен партия белсенділері және аудан мен қалалардан өкілдері онлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде Партияның кезектен тыс XXII съезінің шешімдері мен жалпы Партияны жаңғыртудың бағдарламасын орындау міндеттері туралы мәселе қаралды.

Ел Президенті партия жұмысын модернизациялау мақсатында партия атауын «AMANAT» деп өзгерту жөніндегі съезд шешімін қолдады. Ол өз сөзінде 
«Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айырықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек”-, деп атап өтті. 

Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. Сондықтан партияның ребрендингі тек ұйымның атауын өзгерту емес, бірінші кезекте партияның бүкіл жұмысын жаңғыртуды білдіреді. Партия Төрағасы бұл бағытта жаңғыртудың 7 басымдығын ұсынды:
1. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру;
2. Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру;
3. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру;
4. Партиялық бақылауды күшейту;
5. Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау;
6. Халықтың әр түрлі топтарымен жұмыс істеу;
7. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев депутаттарды халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз етуді, партияның жұмысында ашықтықты орнату керектігін атап өтті.

- Құрметті партияластар! Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту», - деп атап өткен болатын. Сондақтан партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етеді деп сенемін. “АMANAT” партиясы адами құндылықтарды сақтай отырып, қоғам игілігі үшін қызмет етеді. Партия филиалдарына съезд шешімдерін аудан, қала активтерінің, депутаттық фракциялардың, бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында талқылауды және жедел, сапалы орындауды тапсырамын, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 04.03.2022
  • 214
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика