• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоғамның сыйлысы да, нұрлысы да ардақты Аналар!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күніне орай, «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен «Көктем шуағы» атты салтанатты іс-шараға қатысып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген бір топ нәзік жандыларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Көктемнің шуағымен сезімге нұр құйып келген әсемдік мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне арналған бұл салтанатты жиын осыдан екі жыл бұрын қойылған карантиндік талаптар мен шектеулерден кейінгі дәстүрлі форматта өткізіліп отырған алғашқы үлкен іс-шара. Оған облыс экономикасының әр саласында елеулі еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жүрген нәзік жандылар, кәсіпкер-ханымдар, білім мен ғылым жолында, спортта табысты балаларды тәрбиелеп отырған аналар мен көпбалалы аналар қатысты.

–Нәзік жандылар мерекесінің көктемнің алғашқы күндерінде атап өтілуінің өзіндік себебі бар. Көктем табиғатқа тіршілік берсе, аналар адамзатқа өмір сыйлайды. Сондықтан, әйел-анаға деген құрмет еш уақытта артық болмайды. Біздің әрқайсымыз үшін мәңгілік және маңызды құндылықтар болып табылатын туған үйдің жылуы, мейірімділік және адалдық ұғымдары әйел атаулымен байланысты. Құрметті, әйелдер қауымы! Сіздер өздеріңіздің айтулы жетістіктеріңізбен ел тәуелсіздігінің нығаюына және облыстың дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Бүгін мен сіздерге осы еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – дей келе, өңір басшысы отбасы институты, балалар жылы, көп балалы аналарды қолдау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып, облыстың дамуына ерен еңбек сіңірген айтулы да қайратты нәзік жандылардың есімдерін атады. Сонымен бірге, облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 нәзік жанды ардагердің бар екендігіне ерекше назар аударылды. Олар – Біржан сал ауданының Макинка ауылында тұрып жатқан Нина Скорюкина мен биыл 100 жасқа толғалы отырған Степногорск қаласының тұрғыны Клавдия Дорош.

Бүгінде облыстың қыз-келіншектері ел экономикасының барлық бағыттарының дамуына өз үлестерін қосуда. Отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі әрқашан біздің қоғамымыздың негізі болған және болып қала береді.

Салтанатты шарада жеті бала тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» алқасымен Ақкөл ауданының «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мейіргері Әсел Олжабаева, Есіл ауданынан Валентина Шволь, сол секілді 6 баланы дүниеге әкеліп, өсіп-өндіргендері үшін «Күміс алқамен» бұландылық Наталья Акимбаева, ерейментаулық Нұрзағипа Жаукерхан, көкшетаулық ұстаз ана Маржангүл Темірболатова наградталды. Облыс әкімінің Алғыс хатына ие болғандар ішінде әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы, Болгарияда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дина Жоламан, Токио паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтяревтің анасы Ирэна Дегтярева, Атбасар ауданындағы І.Есенберлин әдеби-мұражайының директоры Ұлболсын Қомбатырова да бар.

Салтанатты шара облыстың өнер ұжымдары әзірлеген тартымды концертке ұласып, жиналған қауымның көңіл хошын одан әрі көтерді. Айтулы іс-шараға арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы да сахна төріне шығып, өнер көрсетіп, нәзік жанды арулардың ыстық ықыласына бөленді.

  • 05.03.2022
  • 230
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика