- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
"S Sistem" Ақтөбе облысындағы көлік-логистикалық орталығы құрылысына 50 млн доллар инвестициялауға ниетті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 5 наурыз күні біздің өңірге 50 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырған "S Sistem" түрік
компаниясының президенті Хусейн Барлинді қабылдады.
Атап айтқанда, "S Sistem" Ақтөбе облысында әуе хабы бар ірі көлік-логистикалық орталығын салуға ниетті.
«Ақтөбе облысының географиялық орналасуына байланысты транзиттік хаб ретінде дамуының келешегі зор. Біз өз тарапымыздан жобаға тиісті
қолдауды көрсетеміз»,- деді Оңдасын Оразалин.
Өз кезегінде Хусейн Барлин өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын инвестициялауда қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.
- 09.03.2022
- 170