• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі орта білім беру мекемелерінің жұмысына талдау жасауды тапсырды

10 наурызда Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданына үш күндік жұмыс сапары аясында бірқатар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапарының алғашқы күні өңір басшысы Бейнеу ауданының Сарға ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Сарға ауылында 292 отбасы(1610 адам) тұрады. Ауылда бір дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, балабақша және 2 жалпы орта білім беретін мектеп бар.

Өңір басшысы Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Бейнеу мектеп – интернатының жағдайын және мекемелердің материалдық-техникалық базасын тексерді.

Бейнеу мектеп-интернатында барлығы 108 оқушы оқиды. Сарға ауылынан 54 оқушы және көрші елді мекендерден 54 оқушы (33 ұл, 21 қыз) мектеп интернатында тұрады. Мектепте 32 мұғалім және 11 тәрбиеші жұмыс істейді.

Бұдан кейін Нұрлан Ноғаев Сарға ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.   Жиында ауыл әкімі Еміл Тұрлан жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.  Содан кейін Аудан әкімі Әбілов Бейнеубек ауыл бойынша өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде тұрғындарға облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат беріп,  ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. 
Жергілікті халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, мәселелердің басым бөлігі осы саланы дамытуға қатысты болды. Жайылымдық жерлерді алу, құдықтар қазу, ауыз су, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорт залын салу мәселелері көтерілді.

Жиын барысында орта білім беру сапасына қатысты мәселесі де көтерілді. Тұрғындардың айтуынша, ауданда білім деңгейі төмен мектептер бар, алайда ондағы директорлар он жылдап өзгермейді.

Өңір басшысы аталған мәселені жан-жақты зерттеп, талдауды тапсырды.

- Бұл өте өзекті мәселе. Мен білім басқармасына облыстағы барлық мектептердің қызметіне талдау жасап, олардың ішінен үлгерімнің ең төмен көрсеткіштерін анықтауды тапсырамын. Осы талдау негізінде директорлардың жұмысына қорытынды жасалып, үлгерімі нашар мектептерге қатысты қажетті шаралар қабылданатын болады, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы Бейнеу ауданында бірқатар мұнай кәсіпорындарына сервистік қызмет көрсететін компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.

Жұмыс сапарының бірінші күнінің қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 11.03.2022
  • 179
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика