- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 10-15 наурыз аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,44 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 29,05 м-ге дейін болады деп күтілуде.
10-15 наурызда T Пешной ауданында қауіпті желшегерме жағдайы күтілуде!
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,55 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,07 м-ден 29,03 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 03-09 наурыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,53 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,97 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,96 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,56 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,06 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,05 м-ге сәйкес келді.
2022 ж. 07 наурыз ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті)
- 11.03.2022
- 211