• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданындағы астық терминалын іске қосу үшін инвесторлар тартуды тапсырды

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданына сапарының екінші күні Төлеп, Тәжен, Ақжігіт, Сыңғырлау ауылдарындағы әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыммен өңір басшысы жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалына барды. Серіктестік 2018 жылы кредиторлық берешекке байланысты өз қызметін тоқтатқан. Нұрлан Ноғаев банк өкілдерімен кездесіп, жылына 90 мың тонна ұн, 30 мың тонна жем өндіретін ірі кәсіпорынның жұмысын қайта жандандыру үшін инвестор тарту керектігін айтты.Банк өкілдерінің айтуынша, терминал жұмыс істеуге толық дайын, барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. 

Нұрлан Ноғаев Төлеп ауылының тұрғындарымен де кездесу өткізді. Жиын барысында Нұрлан Ноғаев облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жұмыспен қамту, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, мектеп және спорт алаңын салу мәселелерін алға тартты. Облыс әкімі бұл мәселелерді басымдылығына қарай жүйелі түрде шешілетінін атап өтіп, тұрғындардың өтініші бойынша жауапты тұлғаларға ауылда жаңа мектеп пен спорт алаңын салу мәселесін қарап, пысықтауды тапсырды.

Бүгінгі таңда ауданда 24 мектеп, оның ішінде 6 мектеп - балабақша бар. Онда барлығы 18 918 бала оқиды. Ауданда үш ауысымда жұмыс істейтін екі мектеп бар. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылдың маусым айында Бейнеу ауылында жалпы білім беретін мектепте 312 орындық жапсаржай құрылысы басталды. Жаңа нысанның құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, Бейнеу ауылындағы "Атамекен" жалпы білім беретін мектебінде 312 орындық жеке оқу корпусының құрылысы басталды.

Сапар барысында облыс әкімі аудан аумағында ұлутас өндіретін карьерлердің жұмысымен танысты. Бейнеу ауданында ұлутасты өндіру бойынша тіркелген 32 карьердің 22-сі жұмыс істейді, сондай-ақ қиыршық тасты өндіру бойынша 13 карьердің 2-і жұмыс істейді. Бұл салада ауданның 400-ге жуық тұрғыны жұмыс істейді. Жыл басынан бері 485,3 мың текше метр ұлутас және 43,5 мың текше метр қиыршық тас өндірілді.

Нұрлан Ноғаев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Тәжен ауылында орналасқан кеден бекетінің қызметімен танысты. Айта кетсек, пандемия кезіндегі кеден өзара жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Бүгінде шекара арқылы тек жүк көліктері өтеді. Жалпы, бекеттің өткізу қабілеті - тәулігіне 200 жүк көлігі, 150 жеңіл автокөлік және 2500-3000 жеке тұлға.

Сондай-ақ, облыс әкімі Тәжен, Ақжігіт, Сыңғырлау елді мекендеріндегі мектептердің, балабақшалардың, мәдениет және денсаулық сақтау объектілерінің жай-күйімен танысты. 

Бейнеу ауданында 11 денсаулық сақтау ұйымы жұмыс істейді. Әрбір ауылда халықтың санына және қажеттілігіне қарай дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бар. Ауданда барлығы 1 орталық стадион, 2 спорт кешені, "Каспий" жүзу бассейні бар. Бұдан басқа, 31 спорт залы және 32 ашық спорт алаңдары жұмыс істейді. Бүгінгі күні шығармашылық үйірмелерге 1294 бала қатысады, ал спорт секцияларына 1680 адам барады.

  • 14.03.2022
  • 193
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика