• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданына жұмыс сапарының үшінші күні аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Өңір басшысы аудан әкімінің есеп беру кездесуіне қатысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, жастармен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс әкімінің үшінші күнгі жұмыс сапары
"Әділ сүт зауыты" ЖШС жұмысымен танысудан басталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын тек шалап сусынын өндіреді. Серіктестік құрылтайшысының айтуынша, алдағы уақытта шұбат, құрт және сүзбе шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы күніне 10 тоннаны құрайды. Бүгінде компанияда 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметін ұлғайтқанда қызметкерлер санын 100-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Шикізат Петропавл қаласынан тасымалданады.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бейнеу аудандық орталық ауруханасын аралап, медицина қызметкерлерімен кездесті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда  2314 бала дүниеге келді.
Бүгінде аудан халқының 54,5% КВИ-ге қарсы екпенің І компонентін алған,ІІ компонентімен 50,0%егілген. Ревакцинациямен 3147 адам қамтылды. Аймақ басшысы халыққа вакцинация мен ревакцинацияның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Сонымен қатар, Нұрлан Ноғаев Орталық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Облыс әкімімен кездесуге келген аудан халқы жұмыссыздық, коммуналдық төлемдердің қымбаттауы,  жаңа вокзал салу, Боранқұл ауылынан газ өңдеу заутын ашу, медицина қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Ауданда жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 3659 адам жүгінген. Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында жыл басынан бері 555 отбасы, яғни 3328 адам 231,2 млн. теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алды.


Жиын барысында өңір басшысы тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, оларды өзекті мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 

- Біз Президентіміз айтып өткендей "Жаңа Қазақстанды" құруды бастадық. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды жаңғырту, даму жолында туындайтын қиындықтарды еңсеру.  Біз барлығымыз еліміздің және өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екенімізді түсінуіміз керек. 
“Жаңа Қазақстанды" құру тек әкімдіктің, атқарушы биліктің, органдардың жұмысы емес, бұл бүкіл халықтың ісі. Оған республиканың әрбір азаматы үлес қосу керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Халықпен кездесуден кейін Нұрлан Ноғаев жеке мәселесімен келген азаматтарды қабылдады.

Жұмыс сапары бырысында Нұрлан Ноғаев бейнеулік жастармен кездесті. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. 
Облыс әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын қойды. Сауалдар негізінен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, еліміздің өзге өңірлерімен рухани байланыс өзгерту, жастарға арналған әлеуметтік нысандар салу мен қолжетімді спорт залдары төңірегінде болды.

Нұрлан Ноғаев еліміздің болашағы жастардың қолында екенін атап өтіп, бүгінгі күні білімді, білікті, бәсекеге қабілетті жастарға барлық жолдың ашық  екенін айтты.

- Өзіңіздің үйреншікті, жайлы аймағыңыздан шығыңыз, бағыңызды басқа салада немесе аймақта сынап көруден қорықпаңыз.  Бәсекелестік – прогрестің қозғаушы күші , қазіргі жоғары технологиялар дәуірінде бұл  бұрынғыдан да өзекті.  Қозғалыс пен батыл шешімдерден қорықпаңыз, ой-өрісіңіз қаншалықты кең болса, соғұрлым үлкен жетістікке жете аласыз деді,-Нұрлан Ноғаев.

  • 14.03.2022
  • 180
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика