• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сайлау жүйесін жетілдіру – заман талабы

Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кеше Көкшетаудағы «Болашақ» сарайында елімізде сайлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өңір жұртшылығымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуге жергілікті сайлау комиссияларының мүшелері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің өңірлерді аралап, халықпен кездесуінің негізгі себебі – ең алдымен ҚР Президентінің сайлау өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмасын орындау болса, екіншіден еліміздің сайлау жүйесіне қатысты халықтың ой-пікірін білу, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, ескертулерін назарға алу.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының бұрын-соңды өңірлерге шығып, халықпен кездесулер өткізуі тәжірибеде болмаған. Сол сеңді бұзған Нұрлан Әбдіровтің біздің облысқа жұмыс сапары алдыңғы күні Ақкөл ауданының Домбыралы ауылының тұрғындарымен кездесуден басталды. Онда комиссия төрағасы Кеңес селолық округінің былтыр халық сайлаған әкімінің жұмысымен танысып, оның жұмысына қатысты халықтың көзқарасы мен ой-пікірлерін тыңдады.

–Ағымдағы жылғы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жаңа Жолдау жолдайды. Бұл Жолдаудан біздер де үлкен реформалар күтудеміз. Ал, біздің жұмыс сапарымыздың негізгі мақсаты – Қазақстанның әрбір облысын аралап, халықпен кездесіп, еліміздегі сайлау жүйесіне қатысты ұсыныстарын, ой-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап беру. Осы уақытқа дейін біз Қызылорда, Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстарында болдық,–дей келе сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы алдағы уақытта баратын облыстары туралы айтты және бұған дейін болған аймақтардағы былтыр сайланған ауыл әкімдерінің жұмыс істеу жағдайына тоқталды. Әкім болуға өз кандидатураларын ұсынған азаматтар ең алдымен, соған лайықты қызмет етуге дайын екендіктерін сезініп, сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысулары қажеттігін ескертіп, бірқатар нақты мысалдар келтірді.

–Жастармен де жеке кездесу өткізіп жүрміз. Себебі, жастар – ел болашағы. Олар сайлау жүйесіне қатысулары тиіс негізгі сайлаушылар. Сондықтан, кездесуде олардың сайлауға белсенді қатысуын, сайлаудың ел үшін маңызын түсіндіреміз, –деді Н.Әбдіров.

Бұл кездесуде қоғам белсенділерінің, жергілікті сайлау науқанын ұйымдастырушылардың сайлау жүйесін, сайлау заңнамасын жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оның заңды болуы жөніндегі кешенді мәселелер мен ұсыныстары талқыланды. Соның ішінде,  сайлау жүйесін цифрландыру, депутат пен әкім болуға ынталы кандидаттардың міндетті түрде әскери билеті болуы тиіс, кандидаттарға қойылатын талаптардың арасынан 1-2 жыл мемлекеттік қызметте істеуі керектігін алып тастау секілді ұсыныстар айтылды.

Былтыр ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлаған. Ел Президенті алдағы уақытта аудан әкімдерін де халықтың өзі сайлауы керектігін айтқан болатын. Осы ретте, 2023 жылы аудан әкімдерін сайлау бойынша пилоттық жоба қолға алынып, ол сәтті өтетін болса, 2024 жылдан бастап нақты тәжірибеге енгізіледі.

Талқылау барысында төраға Орталық сайлау комиссиясы мен төмен тұрған сайлау органдарының негізгі міндеті заңнамаға сәйкес барлық сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылатынын ерекше атап өтті. Кездесу соңында Нұрлан Әбдіров іс-шараға қатысушыларға сындарлы диалог, белсенді азаматтық ұстаным және сайлау процесінің өзекті мәселелерін талқылауға қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Осы күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы облысымыздың бетке ұстар оқу орындарының бірі – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, олардың да ой-пікірін біліп, сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын тыңдады. Мұндағы кездесуде жастардың электоралдық мәдениетін арттыру, электрондық дауыс беруді енгізу, алдағы сайлау процестеріне жастардың қатысуын қамтамасыз ету сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, студенттер ауыл әкімдерін сайлау науқаны кезінде барлық кандидаттарды қатыстырып, пікірталастар ұйымдастыруды ұсынды. Жалпы, кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын және сайлауға қатысу белсенділігін арттыру, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікірталасына ұласты.

–Бүгін мен «Болашақ жастардың қолында» деп сеніммен айта аламын. Сіздер «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысасыздар. Себебі, алдағы уақытта елдің тағдыры, сіздердің де болашақтарыңыз сайлаумен байланысты болады, көптеген мәселелер сайлау арқылы шешіледі. Бұл дегеніміз – Президент сайлауы, Парламент пен мәслихаттардың депутаттарын сайлау және әкімдер сайлауы. Яғни, жастар саяси процеске тартылып, өз болашақтары Қазақстанда өтіп жатқан ашық және адал сайлау арқылы жүзеге асырылатындығын нақты түсінуі керек, – деп атап өтті орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Кездесу қорытындысында Нұрлан Әбдіров оқу орнының басшылығына және өңір жастарына ашық, мазмұнды және қызықты диалог өткізгендері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ жастарды сайлау процесіне белсенді қатысуға, атап айтқанда, сайлаушы ретінде ғана емес, волонтерлік қызметке қатысуға және сайлауда байқаушы болуға шақырды.

Жұмыс сапарының соңында Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалында болды.

  • 14.03.2022
  • 261
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика