• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық ақсақалдар қазақстандықтарға үндеу жасады!

Біз, маңғыстаулық бір топ ақсақалдар және еңбек ардагерлері, барша қазақстандықтарға төмендегі үндеуді жариялаймыз.

Біріншіден, соңғы жылдар бір қауым немесе мемлекет қана емес, барша адамзат баласына үлкен сын болды. Жер жүзін жалмаған індет талай адамның ғұмырын қиды, тағдырына тосқауыл болды. Ол адамзаттың мұндай сынақтарға әзір еместігі және пенденің індеттің алдындағы дәрменсіз екенін көрсетті. Қалай болғанда да бұл жұттан адамзат баласы сабақ алуы тиіс! Біз пандемиядан кейін дарақылыққа жол бермейтін, дүниешапалық, бәсеке-байрақ, құр мақтан, даңғазадан ада, тәртіпті, ұқыпты, үнемшіл, сақ қоғамға айналуымыз тиіс болатынбыз. 

Екіншіден, биылғы 2022 жыл Қазақстан үшін қаңтар оқиғасымен тарихымызға хатталды. Экономикалық шеккен зардаптарды былай қойғанда, қаншама жан құрбан болды. Әр қазақ көзінің қарашығындай сақтауға тиісті ұлттың ең басты құндылығы Тәуелсіздік таразыға түсіп, талқыға салынды. Бұған кінәлі адамдар әлі анықталып, өз жазасын ала жатар. Ақылды ұлт мұндай бұлағай бұлғақтардан да сабақ алып, өз пайдасына шешуі тиіс. Отыз жылдық Тәуелсіздік кезеңіндегі қордаланған көптеген қиындықтар мен кемшіліктер айқын көрініп, жарияға шықты. Біз осындай тәлкек пен нәубет тұстардан да мүмкіндік тауып, жаңа бағыттар, тың жолдар таба білсек қана ұлттың ұпайы түгел болмақ. Ол қандай мүмкіндік? Ол – Жаңа Қазақстан! Жаңа дәуірге, мүлде жаңа сипаттағы мемлекеттілікке қадам басқан халық! 

Жаңа саяси реформаларға, ашықтыққа, жариялылыққа, сөз бостандығы мен ой еркіндігі, әділетті қоғам, әлеуметтік теңдік, ақыл-ой мен парасат, рухани-мәдени құндылық, ғылым мен технологияға ұмтылған зайырлы, унитарлы ұлттық мемлекет құру керек. Біздің ендігі жердегі жаңа һәм соңғы мүмкіндігіміз осы деп білеміз. Біз мұндай игілікке, бақытты қоғамға жаңа көзқарастағы мемлекет жетекшісі мен оның идеяларын, бастамалары мен шешімдерін толық түсініп, шынайы қолдай білетін жалпы халықтық тұтастық арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Яғни, Тәуелсіздік тағдыры – тұтастыққа тәуелді! 

Халық пен биліктің тұтастығы – мықты мемлекеттің кепілі. Қоғамның ынтымағы, халықтың бірлігі  бүгінгі біздің ғана емес ертеңгі ұрпақтың да үміті болып отырған Жаңа Қазақстан атты дәуірге, тарихи асуға адастырмай апара алады. Сол үшін де кешегі тағдырлы сәтте тәуекел етіп, мемлекеттің тізгінін нық ұстап, шаңырақты шайқалтпай, іргені сетінетпей, ұлт алдындағы жауапкершілікті көтере білген бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел-халық, тұтас қоғам болып сенім артып, қолдау білдіру шарт. 

Батпандап кірген дерт мысқалдап шығады. Тұтас мелекеттік жүйені бір күнде өзгерту мүмкін емес. Өзгеріс биліктің де, сонымен қатар қоғамның, сол қоғамды құрап отырған әр азаматтың да парызы. Азаматтық берік ұстаным мен мемлекеттік санамызға өзіміз өзгеріс әкелмейінше мемлекетшілдік, отаншылдық секілді қастерлі құндылықтарға қол жеткізе алмасымыз ақиқат. 

Ендеше, парасатты ұлттың тірлігін қылып, мемлекеттік біртұтастыққа, ынтымағы берік қоғамға, бірлігі мен берекесі, бақуаты артып, бақыты қонған халыққа айналуға барша қазақстандық болып үлес қосалық. Жаңа Қазақстанды бірге құралық! 

Құрметпен, Маңғыстау облысының ардагерлері.

  • 15.03.2022
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика