• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңаөзенде жұмысқа орналастыру жөніндегі Комиссияның жұмысы жалғасуда

8 ақпаннан бастап Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың басшылығымен Жаңаөзен қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін өңір басшысының тапсырмасымен құрылған облыстық комиссиясы жұмыс істейді. 


Комиссия мүшелері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған кешенді даму жоспарын негізге ала отырып, Маңғыстау облысындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін, еңбек нарығын жан-жақты зерделеді. 


- Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Халыққа өңірдің барлық тұрғындарын мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін еместігін түсіну қажет. Мен арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттер жасамауға шақырамын, - деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев. 


Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, биыл Жаңаөзен қаласында 2570 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оның 1434 тұрақты жұмыс орны, ал 1136 уақытша жұмыспен қамтылатын болады.
Атап айтсақ: 
- Қалалық жұмыспен қамту орталығынан  5 санат бойынша кезекте тұрған 682 адам мұнай-газ саласына жұмысқа орналасудың қолданыстағы алгоритмі бойынша жұмысқа қабылданатын болады. Комиссия жұмысы басталған сәттен бастап, 682 адамның 150-і жұмысқа орналасуда. 

- "Өзенмұнайгаз" АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелерінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, халықтық бақылау тобы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы Жұмыс комиссиясының ұсынымдарына сәйкес құрылған 318 жұмыс орнына таңдалған азаматтарды жұмысқа орналастыру көзделеді. Оның 300-і жұмысқа орналасу үстінде. 

Кешенді даму жоспары аясында қалалық, кентішілік автомобиль жолдарын жөндеу, Теңге ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Теңге ауылына дейін су құбырын тарту және т.б. жұмыстар істелетін болады. Сондай-ақ жалақысы 150 мың теңгеден басталатын 155 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. "Жұмыс жасайтын" жобасы аясында 400 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бұдан басқа жеке кәсіпкерлер есебінен 390 жұмыс орны құрылады. Бұл бос жұмыс орындарының жалақысы 150 мың теңгеден басталады.
 
Қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

  • 15.03.2022
  • 359
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика