- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР Парламенті Мәжілісінде Арменияға мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды
2022 жылғы 15 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінде бейнеконференцбайланыс арқылы отырыстар өтіп, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқылауға шығарылды.
Отырыстардың қорытындысы бойынша Келісім жоғарыда аталған Комитеттерде бірауыздан қабылданған шешіммен мақұлданды.
Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің басқа да комитеттерінде талқыланатын болады.
- 15.03.2022
- 168