• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Нұрлан Ноғаев мемлекеттен субсидия алғысы келетін шаруаларға ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Бейнеу ауданында Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған көшпелі жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, салаға жетекшілік ететін қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ардагерлер, кәсіпкерлер және т. б. қатысты.
  
Екі сағатқа созылған отырыста ауыл шаруашылығына жауапты аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
  
Бүгінде мемлекет тарапынан мал шаруашылы, егін шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешендерін  қолдау мақсатында көптеген қолдау көрсетілуде.  

Биыл облыс бойынша мал шаруашылығы бағыты бойынша 579,7 млн. теңгеге субсидиялау жоспарланған. Қаржылай қолдаулар ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы азығының құнын арзандатуға, етті және етті-сүтті мал шаруашылығына, қой, етті-құс, жұмыртқа – құс шаруашылықтарына, бие сүтін өндіру мен қайта өңдеуге және түйе сүтін өндіру мен қайта өңдеуге бағытталған.

Егін шаруашылығы бойынша су беру қызметтерінің құнына,  тыңайтқыштар құнын субсидиялауға, акваөсіру өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға қаржылық қолдау беріледі.

Инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша                     Маңғыстауда агроөнеркәсіптік кешені инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі Жол картасына 2022-2025 жылдарға арналған құны 139,5 млрд. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба енгізілді. 

Оның ішінде 2022 жылға жалпы құны 2,4 млрд. теңгені  құрайтын 8 жоба іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 201 жаңа жұмыс орын құрылады деп күтілуде.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қаржылай қолдауларды шаруа қожалық иелеріне кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Облыста мал шаруашылығымен айналысатын 2 833 шаруа қожалығы және өсімдік шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 145 шаруа қожалығы бар. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазыбек Ташимовтың айтуынша, ветеринария саласында бірқатар өзекті мәселелер бар. Саланың профилактикалық және диагностикалық жұмыс сапасын жақсарту үшін аймақ бойынша 47 ауылдық округке арнайы автокөлік пен компьютерлік құралдар сатып алу қажет.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.

  • 16.03.2022
  • 196
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика