- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрлігі жанынан салалық технологиялық құзыреттілік орталықтары құрылды
2021 жылы ҚР Энергетика министрлігінің негізгі бағыттары бойынша технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары (салалық орталықтар) құрылды.
Салалық орталықтар «Цифрландыру, ғылыми және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын орындау шеңберінде құрылған, оның мақсаты цифрлық технологиялар мен платформалық шешімдерді, оның ішінде елдің энергетикалық инфрақұрылымына енгізу болып табылады.
Орталықтар министрліктің үш салалық бағытын қамтыды: электр энергетикасы, мұнай-газ, баламалы және атом энергетикасы.
Қазіргі уақытта орталықтарда мұнай-газ саласын цифрландыру стратегиясын, «Smart Grid» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды, сондай-ақ «Цифрлық генерация картасы», «Электр энергиясы мен шығындарды есепке алу», «Цифрлық тұтынушылар кабинеті», «Технологиялық шешімдер матрицасы» және т. б. жобалары іске асырылуда.
Ұлттық жобаға сәйкес цифрландыру жөніндегі іс-шараларды 2025 жылға қарай аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта пилоттық режимде генерация картасының және гидропотенциал картасының цифрлық платформаларын іске қосу бойынша жұмыс орындалды. Отын-энергетикалық ресурстарды есепке алу, энергетикалық объектілер жабдықтарының жай-күйін бағалау және мониторингілеу бойынша цифрлық платформалардың пайымы мен прототиптері әзірленді.
Іс-шараларды жүзеге асырудан жоғары нәтиже алу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі цифрлық платформалардың салалық интеграторын және ситуациялық талдау орталығын құру мәселелерін әзірлеу бойынша жұмысты бастады, оның негізгі міндеттері отын-энергетика кешенінің қауіпсіздігі мен жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша ҚР Энергетика министрлігінің жұмысын ақпараттық және талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету болуы тиіс.
Анықтама үшін:
Электр энергетикасы саласындағы салалық технологиялық құзыреттер орталығы (бұдан әрі - СТҚО) «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ базасында құрылды;
Атырау мұнай және газ университетінің базасында мұнай және газ саласындағы СТҚО құрылды;
«Ядролық физика институты» РМК базасында баламалы және атом энергетикасы саласындағы СТҚО.
- 16.03.2022
- 168