• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Энергетика министрлігі: тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін (ТЖҚ) сатып алуда жергілікті қамтуды дамыту бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуларының жалпы көлемі 4,69 трлн. теңге, жергілікті қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші 2,9 трлн. теңге сомасына 61,8%-ды құрайды, оның ішінде: тауарлар - 24,3%, жұмыстар – 76,4%, көрсетілетін қызметтер - 53,6%.

Бұл ретте тауарлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру үшін (бүгінгі күні 24,3%) Министрлік екі бастаманы іске асырды.

Бірінші. «Шеврон» компаниясы өзінің Республика алдындағы қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде 248,5 млн. АҚШ долларын жергілікті үлесті дамытуға беруді көздейді.

Бүгінгі күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «Шеврон» жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры тіркелді.

Транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін www.cdif.kz сайты құрылды, онда әр адам қатысуға өтініш бере алады және оның  әр кезеңде қаралуын кезең-кезеңімен қадағалай алады.

Өтінімдерді қарау мерзімдері 1 айдан 6 айға дейін құрайды, ал жобаларды іріктеу критерийлері: жобаны Қазақстанда іске асыру, жоғары рентабельділік, жаңа жұмыс орындарын құру  және т.б. Қорды қаржыландыру үлесі кемінде 49 % құрайды, қалған 51 % кәсіпкердің өзі қамтамасыз етуі тиіс.

Екінші. 2021 жылғы сәуірде «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы» құрылды, ол 3 ірі оператордың мұқтаждығы үшін жергілікті тауар өндірушілерде/сервистік компанияларда тауарларды/көрсетілетін қызметтерді  өндіру және жеткізудегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Орталық үш тауар тобы: тиек арматурасы (клапандар), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика мен электр техникалық жабдық бойынша өндірісті жергіліктендіру бойынша жұмыстарды бастады.

Осы тауар топтары қажеттілігінің жалпы сомасы таяудағы 10 жылға шамамен 400 млн. АҚШ долларын құрайды.

Аталған тауар топтарына мамандандырылған еліміздің 13 өңіріндегі 60 зауыт қаралды.

35 000-нан астам тауар талданды, оның ішінде 19 тауар түрі жақын болашақта Операторлармен неғұрлым талап етілетін тауар ретінде айқындалды.

  • 18.03.2022
  • 269
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика