• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізуге арналған өтініштерді қабылдау басталды

Жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (сілтеме: www.gosreestr.kz). 

 

Қазақстан Республикасының  Энергетика министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы  7 ақпандағы бұйрығымен Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілді, оған аукцион негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 60 жер қойнауы учаскесі енгізілген.

 

Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)    94-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі  № 269 бұйрығы) көзделген.

 

Аукцион өткізуге арналған өтініш Кодекстің 94-бабының
1-тармағына сәйкес Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері бойынша қабылданады (сілтеме:   https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/281593?lang=kk).

 

Аукционды өткізуге арналған өтініштер қаралғаннан кейін ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жарияланады.

 

Хабарламада сіздер мынадай ақпараттармен таныса аласыздар: географиялық координаттар, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар және олардың бағалау құны туралы, сондай-ақ аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімдері, аукционды өткізу күні мен уақыты.

 

Аукционға қатысуға арналған өтініштер ҚР Энергетика министрлігінің сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде қабылданады (Кодекстің 95-бабының 4-тармағы). Аукционды өткізу күні хабарламада көрсетіледі.

 

Өтініштерді қалыптастыру және беру үшін жеке және заңды тұлғаларға электрондық-цифрлық қолтаңба қажет екенін қосымша хабарлаймыз.

 

 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукциондарға қатысуға ниет білдірген әлеуетті шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының                                10 шетелдік мекемесінде (Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Сеул, Стамбул, Прага, Майндағы Франкфурт) жеке тұлға ретінде «бір өтініш» қағидаты бойынша ЖСН мен ЭЦҚ ала алады.

 

Шетелдік мекемелердің мекенжайлары мен телефондары                        ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында «Қазақстанның шетелдік мекемелері» деген бөлігінде қолжетімді.

 

Қазақстан Республикасының аталған шетелдік мекемелерінің бірінде «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген қызметті алу үшін:

- паспортты (түпнұсқа, жеке басын сәйкестендіру үшін);

- паспорттың электрондық көшірмесін (pdf форматында);

- ТАӘ-нің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесін (pdf форматында);

- USB-flash жинақтағышын (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін) ұсыну қажет (консулға).

 

Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні, тегін.

 

Осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланады.

 

Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:               8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.

  • 18.03.2022
  • 235
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика