• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Қымбатты отандастар!

Сіздерді Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ежелгі көктем мерекесі  адамдардың бойында жаңа өмірге құлшынысты, мейірім мен келісімді орнықтыра түседі. Ол бұрынғыдай адамдарды біріктіріп, біздің жан дүниемізді сүйіспеншілік және қуаныш реңімен нұрландырады, бізді жақсылық пен қайырымдылыққа бастайды.

Біз осы жылдың басында, «Қаңтар қасіретінде» басымыздан ауыр күндерді өткіздік. Алайда, баршамыздың ортақ құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жаңа Жолдауында «Шегіне жете буырқанған, мемлекеттер қатаң санкциялармен тірескен, жер жүзіне қандай кесірі тиетіні беймәлім болып тұрған бүгінгі жағдайды адамзат бұрын-соңды көрмеген теңдессіз қиындық деуге әбден болады. Сондықтан, біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен тілектестігін сақтаудың өмірлік маңызы бар» деп атап көрсетті.

Биылғы жылы, пандемияның екі жылынан кейін біз Наурызды ерекше мерекелік көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Ұзақ уақыттан кейін тұңғыш рет думанды шаралар өткізіп, туған-туыстарымызбен қауышудың бақытын сезінетін боламыз. Мұның өзі кез-келген қиындықтарды жеңуге болатынын тағы бір дәлелдей түседі.

Қымбатты жерлестер!

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тығыз топтасуларыңыздың арқасында біздің облыс әлеуметтік-экономикалық дамуда еліміздің аймақтары арасында көшбасшылық орнын сақтап қалуда.  Сіздердің баршаңызға нәтижелі жұмыстарыңыз, жаңа Қазақстанды құру және туған өңіріміз – Ақмола облысын дамыту, қоғамда бірлік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту ісіне қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Биылғы жыл да біз үшін жемісті болатынына сенім мол.

Шын жүректен біздің Ақмола облысына, әр отбасына игілік пен жақсылық тілеймін. Наурыз мейрамы бізге күш-қуат пен деннің саулығын беріп, барлық армандарымыз орындалатын болсын!

  • 19.03.2022
  • 277
Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика