• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданына сапарының екінші күні Форт-Шевченко қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Есептік кездесу барысында аудан әкімі Айбек Қосуақов жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде Түпқараған ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жиында халықты ауыз сумен қамту, денсаулық сақтау саласы, спорт жарыстарын қаржыландыру тәртібі, жұмыспен қамту және тағы басқа  мәселелер көтерілді. 

Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданының денсаулық сақтау саласының жағдайымен танысты. Аудан бойынша 1 орталықтандырылған аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 2 жеке клиника жұмыс істейді. Туберкулез  ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, кейін бұл нысан провизорлық стационарға айналған. Сондай-ақ, аудандық аурухананың инфекциялық және балалар бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, оттегімен қамтамасыз ететін 87 пункт орнатылған. Қазір ауданда барлығы 48 дәрігер, 150 кіші медицина қызметкері бар.

Содан соң облыс әкімі аудан белсенділерімен кездесті. Онда жұмысқа орналасу, экология, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және жер қатынастары, теңіз порты және темір жол құрылысы мәселелері талқыланды. Жиынға белсенділерден басқа, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ардагерлер және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

Нұрлан Ноғаев кеңесте көтерілген мәселелер басымдықтарға байланысты дәйекті түрде шешілетінін атап өтті.

- Атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты тереңдетуіміз қажет. Бұл тапсырма ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрініс тапқан. Белгілі бір шараларды қабылдауда халықтың сұранысы мен ұсыныстарын ескеру маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында біз еңбек ұжымдарымен, ауыл, қала, аудан және облыс тұрғындарымен жиі кездесулер ұйымдастырамыз. Бұл аймақтағы мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, мұндай кездесулер өз тиімділігін көрсетіп те үлгерді. Сондай-ақ, бізде Telegram қосымшасында арнайы чат-арна жұмыс істейді, онда 9 мың адам бар. Менің әріптестерім және жеке өзім күн сайын халықтың сұрақтарына жауап береміз. Бұл кері байланыстың жақсы құралы, - деп атап өтті облыс әкімі.

Бұлан бөлек, Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданының жастарымен еркін форматта кездесу өткізді. Жиналыс барысында ол облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастар өз кезегінде облыс әкіміне көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді. 

Ал Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар жастар бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

  • 24.03.2022
  • 170
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика