• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жауын-шашыны аз жылы ақпан

Осы жылдың ақпан айы, бүкіл ел бойынша жылы болды. Айдың бірінші онкүндігінде республиканың басым бөлігіне Сібір антициклонының сілемі әсер етті. Кезеңнің ортасынан бастап, оңтүстік және солтүстік-батыс циклондарымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жиі өтуімен, оңтүстікте ауа райының тұрақсыз сипаты байқалды: жауын-шашын, кейбір аудандарда қатты жауын-шашын болды. Мысалы, 6 ақпанда Түркістан облысы Шаян метеостанциясында – 22 мм (бір айдағы норма – 46 мм), Шымкент метеостанциясында – 25,1 мм (бір айдағы норма кезінде – 81 мм), Қазығұрт метеостанциясында – 24 мм (бір айдағы норма кезінде – 72 мм) жауды. Екінші онкүндіктің басында Исландия аудандарынан келген циклон Қазақстанның көп бөлігін қамтыды, осыған байланысты еліміздің барлық аумағында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтті. Айдың үшінші онкүндігінде елдің көп бөлігінде ауа райының антициклондық түрі басым болды, тек солтүстік-батыс аймақтарға Баренц теңізінің аудандарынан циклон шұңқырлары әсер етті.

Бірінші онкүндікте күндізгі ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде +1°С дейін, батыс өңірлерде +6°С дейін, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде +11+15°С дейін көтерілді. Форт-Шевченко метеостанциясының (Маңғыстау облысы) ауа температурасы +13°С-қа дейін жетті, нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 2021 жылы +10,2°С құрады. Ақтау метеостанциясында +14,6°С болды, осы күннің алдыңғы рекорды 2020 жылы +10,9°С құрады. Екінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны сілемінің әсерінің күшеюімен, республиканың солтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасының түнде -33,7°С дейін, күндіз -22,2°С дейін төмендеуі байқалды, бірақ бұл күндері ең төменгі температура рекордтары байқалмады. Айдың үшінші онкүндігінде республиканың барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы тіркелді. Ақпанның үшінші онкүндігінің жекелеген күндерінде ауа температурасының ең жоғары мәндерінің рекордтары жаңартылды, тағы да Форт-Шевченко метеостанциясында 25 ақпан күні ауа температурасы +17,6°С-қа дейін көтерілді, нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 1987 жылы +14,0°С құрады, 26 ақпанда Атырау метеостанциясында ауа температурасы +14,4°С-қа дейін жоғарылады, нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 1966 жылы +10,2°С болды.

Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-8°С жоғары, тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды. Ақпан айында болса, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болды, еліміздің солтүстік-батыс жартысында, Маңғыстау облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында – норма шегінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының орталығында, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстігінде – нормадан 1,3-2,1 есе көп болды.

  • 24.03.2022
  • 213
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика