• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Біз мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз етуіміз керек

29 наурызда Жетінші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының тоғызыншы сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, оның орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алдымен, облыстық мәслихаттың хатшысы Нури Тұмышев облыстық мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Осыдан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Марат Себасов қоғамдағы әлеуметтік мәселелер мен құқықтық тәртіпті қозғап, сөз сөйледі. Комиссия төрағасын тыңдаған мәслихат депутаттары сайлаушыларынан келіп түсетін сұрақтарды бақылауға алуды, сессиялар мен тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелерді дайындауға белсенді қатысуды ұсынды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Әлмұхаммед Құттымұратұлы облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша бюджетті нақтылау 2021 жылы қалыптасқан кредиторлық берешекті өтеуге, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды, сондай-ақ жергілікті бюджеттің жедел іс-шараларын іске асыруға бағытталған.

- 2021 жылы жергілікті бюджет кірісінің жетіспеушілігінен шығындарды өтеу мәселесі туындады. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша кредиторлық берешек пайда болды. Кредиторлық берешектің жалпы көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады, - деді Әлмұхаммед Құттымұратұлы. 

Бюджетті нақтылаудың екінші бағыты партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы және облыстың кешенді жоспары шеңберінде іске асатын шараларға арналған. Аталған жұмыстарды қаржыландыру үшін 1,1 млрд.теңге бөлу ұсынылады. Қаражат Президенттің тапсырмасына сәйкес 12 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады. 7 ауылда су тұшыту қондырғыларын орнатуға және сорғылар сатып алуға 225 млн.теңге қажет. Бұл жобалар Ақшұқыр, Ақмая, Боздақ, 15 станция, Қияқты, Тиген және Тасмұрын ауылдарында іске асырылатын болады. 

Келесі маңызды бағыт-құдықтарды қалпына келтіру және қайта құру. Осы мақсатта Жыңғылды, Шайыр, Көгез-Ақмыш, Шебір және Онды ауылдарындағы құдықтарды қайта жаңартуға 39 млн.теңге бөлінді.

Үшінші бағыт бойынша Жаңаөзен қаласын дамытуға, коммуналдық тұрғын үй шығындары мен қоғамдық қауіпсіздікке қаражат бөлу жоспарлануда.

Жиын соңында Нұрлан Ноғаев жиналғандарды жаңа Қазақстанды құруда ауызбіршілік пен ұйымшылдыққа шақырды. 

- Президент азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тапсырма жүктеді. Біздің басты күшіміз әділеттілік пен ашықтықта. Осы екі фактор болған жағдайда ғана біз қолда бар ресурстарды дұрыс пайдаланып, жоспарларымызды тиімді іске асыра аламыз, - деп Нұрлан Ноғаев өз сөзін қорытындылады.

  • 30.03.2022
  • 193
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика