• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЕЛОРДАДА «МӘДЕНИЕТТІ АНА – МӘДЕНИЕТТІ ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

 ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Өз алғы сөзінде ассамблея Төрағасының орынбасары Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының міндеттері мен осы мәселедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің рөлі қоғамның жіті назарында екенін атап өтті.

«Қазақстанның жан-жақты жаңаруы мен жаңғыруына бағытталған Президенттің жаңа Жолдауын біз әділ түрде Қазақстанның әрбір отбасына, әрбір анасына арналған басты үндеу деп қабылдаймыз. Отбасының, ана мен баланы қорғаудың мүдделері әрқашан Мемлекет басшысының назарында екенін атап өту керек», – деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы халық талап еткен реформаларды жүргізуді өзінің басым міндеттерінің бірі деп есептейді.

«Президенттің жаңа саяси бастамалары елдің одан әрі дамуы, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы қоғамдық келісімді нығайту мүддесінде саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүргізуге бағытталған. Бұл бағыт пандемиядан бастап қазіргі жаһандық дағдарысқа дейінгі түрлі сын – қатерлер мен қауіптерге қарамастан жүйелі және тұрақты түрде жүргізіледі», – деп атап өтті М.Әзілханов.

ҚХА Аналар кеңесінің жұмысы туралы айта келе, спикер халықтың түрлі топтарын мақсатты қамту үшін аналардың әлеуетін тартудың маңыздылығына назар аударды.

«Бүгін біз «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды ресми түрде бастап отырмыз.  Жоба аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының кең спектрінің өзара іс-қимылының тиімді синергиясы қамтамасыз етілетін болады. Бұл жобада біз отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баса назар аударамыз», – деп мәлімдеді Ассамблея Төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын таныстыра отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи әр бағытқа тоқталып, орталық және жергілікті деңгейде де қарастырылған іс-шаралар туралы айтып берді.

Жиын барысында ҚХА-ның бірқатар өңірлік Аналар кеңесінің төрайымдары этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, аталған Жобаны  бірлесе іске асыруда тиімді ортақ нәтижеге жету үшін қоғамдық институттарды тарту бойынша сарапшылардың ұсыныстары қаралды. 

Қатысушылардың сөздерін қорытындылай келе, Ассамблея Төрағасының орынбасары М.Әзілханов мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға ҚХА Аналар кеңесіне пәрменді қолдау көрсетуді және Жобаның Жол картасын іске асыру бойынша тиімді өзара әрекет жасауды қамтамасыз етуді ұсынды.   

Жұмыс соңында қатысушылар барлық айтылған іс-шаралар мен ұсыныстар толық көлемде іске асырылатынына, ал «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы ортақ күш-жігердің арқасында өзінің түпкі мақсаты мен нәтижесіне жететініне терең сенім білдірді.

Атап өтсек, іс-шара жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, уәкілетті органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, ҚХА қалалық және облыстық Аналар кеңестерінің төрайымдары, «Қоғамдық келісім» КММ және ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

  • 01.04.2022
  • 249
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика