• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Су тасқынын алдын алу күн тәртібіндегі өзекті мәселе

Қарқаралы, Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 158 су тасқыны қауіпі бар елді-мекендері бақылауға алынды.

Наурыз айының соңында жауған мол жауын-шашын мен келесі аптадан бастап болжанып отырған жылы ауа райы жағдайды күрделілендіріп отыр. Нұра өзенінің бассейнінде ылғал қорының орташа көлемінің 12% - ға артқаны байқалады. Шерубай-Нұра өзеніндегі ылғал қоры 54 млн м³ артты, алайда бұл көрсеткіш орташа көпжылдық мәннен 54% төмен. Кеңгірде қар қоры 22 млн м³ азайды.

Космомониторингтің деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 45% - да қар жатыр. Ал оңтүстік өңірлерде қар жоқ.

ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы және Шет аудандарының аумағындағы Нұра, Шерубай-Нұра және Жарлы өзендерінің арналарын араладық.

Қарқаралы ауданында су тасқыны қауіпі бар жерлерде, өзен арналары бойында Жарлы, Тегісшілдік және Көктас елді-мекендері орналасқан. Жеті жыл бұрын Тегісшілдік ауылы су астында қалған болатын. Жағдайдың қайталануын болдырмау үшін жыл сайын мұнда жер үймелері нығайтылып, Жарлы өзенінің арнасы бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Шет ауданының аумағын тексеру Шерубай-Нұра өзенінің бастауларын қараудан басталды. Қызылқой ауылына ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда ауыл бір метрлік жер үймесімен қорғалған, ал кейбір жерлерде оның биіктігі бір жарым метрді құрайды.

11 наурыздан бастап облыста Нұра өзенінде тоғыз жарылыс жұмыстары жүргізілді. Жолдардағы су өткізу құрылыстарының 85% - ға жуығы, 33,9 км арналар, 162 км арықтар тазартылып, 12 км су бұру орлары әзірленді.

Облыстық су тасқынына қарсы штаб жұмыс істеуде. Оның құрамында жеке құрамнан 313 адам, 184 бірлік техника, оның ішінде 134 мотопомпа және 31 бірлік жүзу құралдары кіретін алты мобильді топ бар.

Су тасқынының салдарын барынша азайту қажет, ол үшін су басуға бейім елді- мекендердің әрбір тұрғыны өз ауласын ретке келтіріп, оларды қардан тазалап, суды бұрып, арықтарды тазартуы тиіс.

  • 01.04.2022
  • 208
Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика