- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Рамазан айы құтты болсын!
Құрметті ақмола лық мұсылмандар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Көктемнің жылы шуақты күнімен басталып отырған Рамазан айы баршамыздың келер күнге деген сенімімізді оята түскені анық.
Ежелден бері Рамазан айы біздің халқымыз үшін ізгілік пен мейірімнің, сабырлылық пен төзімділіктің, кешірім мен қайырымдылықтың айы болып келгені анық. Сол игі дәстүр жалғасын тауып, елдегі береке мен бірлікті нығайту әркімнің парызы болса керек.
Халқымыздың ағайын татулығы мен тұтас елдің бірлігін ойлаған қасиеті бүгінгі ұрпағымызға өнеге болуға лайықты екендігін айтқым келеді. Бір-бірімізге кешірімді болу арқылы имандылығымызды бекіте түсейік.
Тұтқан ораза құтты болып, сауабын жазсын. Әр шаңырақтың ырысы мен дәулеті артып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
- 01.04.2022
- 170