• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Туғаннан қос қолы жоқ тігінші жаңаөзендік қыз-келіншектерге тренинг өткізді

30 наурыз бен  1 сәуір аралығында Жаңаөзен қаласында  ҚР атақты этнодизайнері, «Алтын Сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзаданың «Аналар аманаты» атты тегін тренинг семинары және  «Көрпе FEST-2022” мегафестивалі өтті. 
Шараға 100-ге жуық Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдардың, елді мекендердің қыз-келіншектері мен көп балалы аналар қатысты. Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді. Жобаның мақсаты - әйелдер мен көп балалы аналарды ұлттық бренд арқылы шағын және орта бизнеске тарту, өз кәсібін ашуға көмек көрсету. 

Сонымен қатар, шараға екі аяғымен іс тігіп, өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Тараз қаласының құрметті азаматы,  кәсіпкер Анар Бексұлтанова қатысты. Дүниеге екі қолсыз келген ісмер Жаңаөзендік қыз-келіншектерге мативациялық тренинг өткізіп, аяғымен тігін тігуден мастер-класс көрсетті.Ұлттық өнерді ұлықтап, тігіншілікті табыс көзіне айналдырған Анар замандастарын қиындықтан қаймықпай, барын бағалып еңбек етуге шақырды. 

- Істей алмаймын, қолымнан келмейді деген сөзді мен жалқаулық деп санаймын. Менің аяғыммен істеп отырған жұмысты аяқ қолы сау кез-келген қыз келіншек жасай алады.Бастысы ниет керек. Жұмыстан қорықпау керек.Талпыныс бар жерде, жеңіс болады,-дейді Анар Бексұлтанова.

Қол-өнер фестивалінің қорытынды кешіне қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев 20 жас тігінші қызға заманауи тігін машинасын сыйға тартты. 

-Саусақ бірікпей, ине ілікпейді деген сөз бар. Қоғам дамуы үшін әр адамның еңбекқорлық, адалдық қағидаттарын ұстануы маңызды. Бұл бағытта жергілікті тігіншілердің үлесін атап өткім келеді.  
Сіздер сүйікті істеріңізбен айналыса отырып, ақша тауып, ұлттық қол өнердің дамуына үлес қосып келесіздер. 
Бұл қуантарлық жағдай. Біз Президенттің тапсырмасына сай тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында жұмыстанып жатырмыз. Тігін саласындағы кәсіпкерлердің жұмысын үйлестіру үшін Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында тоқыма шеберханаларын ашу жоспарда бар, - деді Нұрлан Ноғаев.

Семинар ұйымдастырушысы Ырза Тұрсынзада тренингтен өткен жаңаөзендік әр бір қыздың өз ісін дамытуға әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

  • 04.04.2022
  • 189
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика