• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда алғаш рет велоспорттан ҚР чемпионаты өтті

Бүгін, 3 сәуір күні Ақтау қаласында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен тас жолда велосипед спортынан республикалық чемпионаттың жаңа маусымы ашылды.

Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық шара 31 наурыз бен  3 сәуір аралығында өткізілді. Жаңа маусым ерлер мен әйелдер және паралимпиадалық спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатымен басталды. Ел біріншілігінің алғашқы күні Ақтау-Риксос бағытының автотрассасында 18  шақырымға ерлер, 12 шақырымға әйелдер командалық эстафета өткізілді. Екінші күні  осы бағыттағы тас жолда жекелей жарыс 25 шақырымға ерлер, 20 шақырымға әйелдер, сондай-ақ параолимпиадашылар арасында жекелей жарыс 15 шақырымда өтті. Ал үшінші күні «Ақтау-Жетібай» тас жолында топтық жарыс өткізілді. Оған ерлер 120 шақырым, әйелдер 70  шақырым және әуесқойлар 40 шақырым бойынша қатысты.

Ел біріншілігінің мақсаты - Азия және Әлем кубогына, Азия ойындарына (Қытай), Азия және Әлем чемпионатына велошабондоздарды іріктеу.

Аймақ басшысы топтық жарыс бойынша жүлделі орындарға ие болған велошабандоздарды құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мықты қоғам қалыптастыру үшін әр қазақстандықтың бойы ширақ, ойы озық, бәсекеге қабілетті болуы қажет деген. Президенттің тапсырмасын орындау бағытында еліміздің барлық аймағында спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Біз де өз тарапымыздан жастарды спортқа тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортты дамытуға бар күш жігерімізді саламыз. Бүгінгі спорттық додаға қатысқан әр қатысушыға алғысымызды білдіріп, сәттілік тілейміз,- деді Нұрлан Ноғаев.

Шара «Ақбота» саябағының тас жолында 30 шақырымға әйелдер, 40 шақырымға ерлер арасында критериум бойынша жарыспен жалғасты.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің 12 облысынан, 150-ден астам спортшы қатысты. Дода кәсіби ерлер, кәсіби әйелдер, сондай-ақ әуесқойлар мен параолимпиадалық спортшылар арасында өтті.
Қазір Маңғыстау облысы бойынша 80-ге жуық спортшы велоспортпен шұғылдануда. Оның 12-і республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысады.

  • 04.04.2022
  • 238
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика