• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жылда қайталанатын жағдайға біржола тосқауыл қойылуы керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жыл сайын көктемгі су тасқынынан зардап шегетін астананың іргесіндегі Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында жұмыс сапарымен болып, осы елді мекендерде күні-түні қарғын судың келуімен күресіп жатқан құтқарушылардың арасында болды.

Қоянды ауылында 2200 үй бар. Бұл үйлер тақа суға кетпегенімен, қауіп әлі сейілген жоқ. Су бірнеше үйлердің маңына жетіп, ауланы шайып кеткен. Бір жақсысы олардың көбі әлі салынып жатқан үйлер, адамдар тек біреуінде ғана тұрады. Суды сорып алу осы іске жұмылдырылған 51 адамның және 30 техника, 30 мотопомпаның арқасында қарқын жүргізілуде.

Аудан әкімі Бақытбек Оспанов осы жағдайға байланысты бірнеше жұмыс отырыстарының өткендігін, өздерінің елордадағы аграрлық университеттің жерге орналастыру кафедрасына хабарласқандығын айтады. Ғалымдар картографиялық материалдарды, спутниктен түсірген суреттердің мәліметтерімен таныса келе, келелі кеңестерін берген. Жылда қауіп төндіретін бұл апаттан құтылу үшін канал құрылысын жүргізу керек. Ол ауылды тасқын судан сақтау проблемасын 70 пайыз шеше алады.

–Бұл мәселелерді шынында да шешуіміз керек. Жыл сайын қаншама адамдар мен қаржы осы жұмыстарға жұмылдырылып, бағытталуда. Бұл түбегейлі бір нәтиже шығармайынша жылда қайталана береді. Жол салынды, енді жолдың оң және сол жағаларында арық жүйесін жоспарлау керек. қарғын су шегінген соң, осы шаруаны қолға алмай болмайды, көмек керек болса, оны да береміз, – деді бұл орайда облыс әкімі.

Ермек Маржықпаев Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында, атап айтқанда, былтыр суда қалған №8 шағын ауданда да болды. Мұнда айтарлықтай жұмыстар жүргізілген. Шөгіп қалған жерлер бекітілген, қаптарды толтыру үшін инертті материалдар жеткізілуде. Ауылдық округтің елді мекендерінен 100 мың текше метр қар шығарылып, 17450 мың текше метр су сорылыпты, 100 метр канал тазартылып, 3 мың дана қап инертті материал төселген. Мұндай жұмыстар ауданның Қараөткел, твалапкер ауылдары мен Қосшы қаласында атқарыфлуда.

Облыс әкімі осы сапарында Есіл өзенінің арнасын  түзеу жөніндегі көлемді жобаны да сын көзінен өткізді. Жоба облыстық бюджеттің есебінен жасалып, айналмалы автожолдан Қажымұқан ауылына дейінгі аралықты қамтып отыр. Жұмыс 2021 жылдың шілдесінде басталып, өткен жылға ұйғарылған жұмыстар 17,5 шақырым көлемінде толық атқарылған. Енді экология, генология және табиғи ресурстар министрлігіне жұмысты аяқтау үшін 4,2 миллиард теңгенің бюджеттік жоспары жолданып отыр.

Ермек маржықпаев сапар барысында Целиноград ауданының Софиевка селосындағы дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйінің жай-күйін де ой елегінен өткізді. Амбулатория 2021 жылдың аяғында іске қосылған. «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген мәдениет үйі де жаңашылдығымен көз тартады. Нысандарды аралап көрген облыс әкімі ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

  • 07.04.2022
  • 186
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика