• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді

6 сәуір күні Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданына үш күндік жұмыс сапарымен барып, Ақшымырау және Шайыр ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Ақшымырау ауылында өткен жиында ауыл әкімі Руслан Жұмаханов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жиналғандарды облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сұрақтарға жауап берді және жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.

Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар мобильді желі мен интернеттің, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, медициналық орталық салу, жұмыспен қамту, мал азығы, ветеринария саласындағы мамандар үшін жақсы жағдай жасау және т. б. мәселелерді көтерді. 

Өңір басшысы көтерілген мәселелер басымдылықтарына қарай жүйелі түрде шешілетінін атап өтті. 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халықпен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берді. Біздің алдымызда бірінші кезекте халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және білім сапасын жақсарту міндеті тұр. Қалған мәселелерді біз басымдық тәртібімен шешетін боламыз. Бұл жерде екі басты қағиданы қолдану қажет: әділеттілік пен ашықтық, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Ақшымырауда 1255 адам тұрады. Ауылда мектеп, бөбекжай, дәрігерлік амбулатория және мәдениет үйі жұмыс істейді.

Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев Шайыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауыл әкімі Ғани Тәжиев 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

Жиналысқа қатысушыласпор кешенінің құрылысына, экологияға, карьерлердегі кәсіпорындардың жұмысына, ауылды көгалдандыруға және т. б. қатысты мәселелерді көтерді. 

Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды ел дамуына белсенді атсалысуға шақырды.

- Жаңа Қазақстанды бір күнде құрамыз деп ойлау қате пікір. Реформация үшін уақыт қажет. Сондай-ақ, өзімізден басқа ешкім елімізді жақсартып бермейтінін түсіну маңызды. Біз бірлесіп, жаңа Қазақстанды құру жолында еңбек етуіміз керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Шайыр ауылдық округінде 1724 адам тұрады. Мұнда Т. Жалғасбайұлы атындағы орта мектеп, 80 орындық "Қызғалдақ" балабақшасы, ауылдық емхана, фельдшерлік-акушерлік медпункт, мәдениет үйі және т. б. қызмет етеді. 

Есеп беру кездесулерінен кейін облыс әкімі Ақшымырау және Шайыр ауылдарында тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдады.

Сонымен қатар, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданының жастарымен кездесті. Жиында облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдар жастардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті

Маңғыстау ауданына барған бірінші күнінің қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 07.04.2022
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика