• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Жаңа Қазақстанда жаңа ұлт болмысын қалыптастыру үрдістері» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

2022 жылғы 6 сәуірде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Жаңа Қазақстанда жаңа ұлт болмысын қалыптастыру үрдістері»  тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысын өткізді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Сарым, Б.Әбдіғалиұлы, Қ.Нұров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары А.Жақсыбаев, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, жас ғалымдар және басқалары қатысты.

Кеңестің ашылуында Марат Әзілханов Мемлекет басшысының саяси реформалар бағдарламасында ұлтты біріктіру мәселелері ерекше орын алатынын, мемлекет бүгінде этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ғалымдардың, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің көзқарастары, берер бағасы мен ұсыныстары қажет екендігін атап өтті.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Е. Әбіл өз сөзінде ұлттық тарихты репрезентациялауда жаңа әдіснамалық тәсілді әзірлеу қажеттігіне, Қазақстан тарихының әлемдік тарихқа қосқан объективті үлесін, оның бүкіл адамзаттың дамуына әсерін көрсетудің маңыздылығына назар аударды.

ҚХА ҒСК төрағасының ғылыми бағдарламаларды дамыту жөніндегі орынбасары З. Шаукенованың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының пулын Мәжілістен Парламент Сенатына ауыстыру Мемлекет басшысының бейбітшілікті сақтау және ұлт бірлігін нығайту саясатына деген ұстанымын көрсетеді.

А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжанова өз кезегінде ұлттық идеологияның құралы да, өзегі де – мемлекеттік тіл деген пікірді білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының санасында ортақ құндылықтар орныққанда жалпымемлекеттік бірегейлік орнайды.

Іс-шара соңында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді қосу мәселесі талқыланып, қатысушылар ұлт құру үрдістері бойынша пікірлерімен алмасты.

  • 07.04.2022
  • 220
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика