• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Балаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек

Аймақ басшысы Маңғыстау ауданындағы жұмыс сапарының екінші күнінде Сай-Өтес және Жыңғылды елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сай-Өтес ауылының тұрғындарымен кездесу барысында ауылдық округ әкімі Нұржан Бөкенбаев жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап, 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жиналғандарды өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, сауалдарға жауап беріп, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде тұрғындар әлеуметтік сала, мал шаруашылығы, ветеринарлық қызметтің сапасы, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы мәселелерді көтерді. Өз кезегінде аймақ басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Сай-Өтес ауылдық округіне қарасты 60 шақырым жердегі Боздақ елді мекені, № 6, 7, 8, 9 бекеттері мен Ман-ата бекеті бар. 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Сай-Өтесте 1983, іргелес Боздақ ауылында 281, барлығы 2264 тұрғын тұрады. Ауылда 2 мектеп, 2 балабақша, 2 спорт залы, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт, «Қазпошта», «Қазақтелеком» бөлімшелері қызмет көрсетеді. Ауыл арқылы «Маңғыстау-Семей», «Маңғыстау-Алматы», «Маңғыстау-Атырау», «Маңғыстау-Ақтөбе» және «Маңғыстау-Бейнеу» бағыттары бойынша да жолаушылар пойызы қатынайды. Сондай-ақ ауыл 100 пайыз газ, ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Жиын барысында Нұрлан Ноғаев жеке қабылдауына әйел азаматшалардың балаларына немесе немерелеріне жұмыс сұрап келуі жиі кездесетінін атап өтті.

-Маған әжелеріміз, аналарымыз ер жеткен ұлдарына, немерелеріне жұмыс сұрап келеді. Ұлыңыз, немереңіз қайда деп сұрасаң, «Үйде отыр» деп жауап береді. Менің ойымша, бұл дұрыс әдет емес. Осындай «қамқорлық» көрсету арқылы біз балаларымыздың болашағына «қиянат» жасап жатырмыз. Біздің ұрпағымыз бәсекеге қабілетті және тәуелсіз болуы керек. Бұл - олардың осы заманда табысқа жетуінің жалғыз жолы. Отан - отбасынан басталады. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Баланың бойына әділдік, сыйластық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді сіңіру керек. Білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеп шығарсақ, олар қазірден бастап мемлекетімізге сенімді тірек болады. Осы орайда алдымызда бірқатар міндеттер тұрғанын, оны сіз болып, біз болып тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана шеше алатынымызды атап өткім келеді, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар өңір басшысы Жыңғылды ауылының тұрғындарымен де кездесу өткізіп, ауыл әкімі Сағыныш Күзенбайұлының жылдық есебін тыңдады. Кездесуде жыңғылдылық тұрғындар ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін көтерді. Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, сауалдарына жауап берді.

Есеп беру кездесулерінен кейін облыс әкімі облыс әкімі Сай-Өтес және Жыңғылды ауылдарының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жыңғылды ауылында 2744  халық тұрады. Ауылда 2 мектеп, 2 балабақша, ауылдық дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, пошта бөлімшесі бар.

  • 08.04.2022
  • 164
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика