- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама шықты
2022 жылғы 5-11 сәуір аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:
Балқаш, Қызылорда және Теміртау қалаларда бірде-бір МӨП-де ластаушы заттардың ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.
Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 679 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).
Алматы қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 223 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Түрксіб ауданында неғұрлым ластанған.
Нұр-Сұлтан қ. шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1000 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы, Туран көшесі ауданында ластанған.
Атырау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 11 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Сырдария көшесі, 3, ауданында барынша ластанды.
Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 143 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі, 4 В, ауданында барынша ластанды.
Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 30 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Тынышпаев көшесі, ауданында барынша ластанды.
Павлодар қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 86 жағдайы тіркелді. Торайғыров-Дүйсенов көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Шымкент қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 29 жағдайы тіркелді. Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 50 жағдайы тіркелді. Жанқожа батыр көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Петропавл қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 4 жағдайы тіркелді. Юбилейный көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
- 12.04.2022
- 135