• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданына барған жұмыс сапарында жер қатынастары мәселелері бойынша көшпелі  кеңес өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жер қойнауын тиімді пайдалану, жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған тұрғындар,  сондай-ақ жайылымдық жерлерді анықтау мәселелеріне тоқталды.  

Бүгінгі таңда облыстағы жалпы жер көлемі 16 миллион 564 мың гектарды құрайды. Оның 12 миллион 639 мың гектары жайылымдық жерлер. Соңғы екі жылда игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 2 миллион 406 мың 441 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының жер қатынастары салсындағы заңдарына, мемлект басшысының тапсырмаларына сәйкес игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, қайтадан айналымға енгізу талабы бар. Осы бағытта 2021 жылы шаруаларға 145 мың 74 гектар жер берілді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстарын күшейту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Барлық уәкілетті органдар бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы керек. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жерлерді тиімді пайдалану механизмін енгізу маңызды. Талаптар барлығына бірдей. Жер қатынастарына қатысты мәселелер тек қолданыстағы заңнама аясында шешілуі тиіс,-деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста пайдалы қазбаларға бай кен орындарын игеру мақсатында 258 келісімшарт тіркелген.

 Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 12.04.2022
  • 175
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика