• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Құрылыс нысандарының санына емес, сапасына мән беру керек

Бүгін, 12 сәуірде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппарттық жиында өңірдегі құрылыс мәселелері мен сол саладағы жобалардың іске асырылуы талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Манкешова өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік құрылыс нысандары туралы ақпарат берді.

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 247,7 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Биылғы жылдың соңына дейін 1 миллион 50 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 3,9 мың ш.м. жалға берілетін 72 пәтерлік тұрғын үй ағымдағы жылдың 3 тоқсанында иелеріне табысталады.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев салынып жатқан нысандардың санына емес, сапасына баса назар аудару керектігін атап өтті.

- Көрсеткіштер үшін жұмыс істеудің қажеті жоқ. Нәтижесін барлығымыз көріп отырмыз. Салынып жатқан нысандардың сапасына қатысты шағымдар өте көп. Осы мәселені басқарма басшысы, қала, аудан әкімдері бақылауда ұстауы қажет,– деді Нұрлан Ноғаев. 

Аппараттық жиынында Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қалада салынып жатқан құрылыс нысандары туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 116 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, кәсіпкерлердің құрылыс жұмыстарын рұқсатсыз бастап кеткен фактілері бар. Өткен жылы қаладағы тұрғын үй құрылысына үлескерлерді заңсыз тарту және салынып жатқан тұрғын үйлерді жарнамалағаны үшін «Мега Технология Компаниясы» ЖШС (17 шағын ауданда орналасқан «Ақеспе» ТК),  «КаспиСтрой» ЖШС (17 шағын ауданда орналасқан «Форю» ТК),  «КазСтройПремиум-2007» ЖШС (20а шағын ауданында орналасқан «Томирис» ТК) , «Қазақ Металл» ЖШС (17 шағын ауданда орналасқан «Бақыт мекені» ТК) мекемелеріне барлығы 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиын соңында аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

  • 12.04.2022
  • 338
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика